15 мамыр күні Атбасар қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін нығайтуға, жолдағы жауапкершілікті қалыптастыруға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған «Қауіпсіз дөңгелек» аудандық байқауы өтті.

10.06.2026

Аталған шараға аудан мектептерінің оқушылар командалары қатысты. Қатысушылар жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, ұйымшылдықтарын және топпен жұмыс жасау дағдыларын көрсетті.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Соның бірі – «Үгіт бригадасы» кезеңі болды. Бұл бөлімде оқушылар жол қауіпсіздігі тақырыбында әсерлі әрі мазмұнды қойылымдар ұсынды. Олар шығармашылық түрде жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын, жолдағы мұқияттылықты, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жауапкершілігін көрсетті. Барлық қойылымдар қызықты, әсерлі әрі тәрбиелік мәнге ие болды.
Сонымен қатар қатысушылар жол қозғалысы ережелері бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.
Байқау қорытындысы бойынша Полтавка ауылының жалпы білім беретін мектебінің «Бағдаршам» үгіт бригадасы Бас жүлдені иеленді. Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!
 
Пікір қосу

Деректерді қолтаңбаға қосу