Ата-аналар қауымдастығымен тікелей эфир
29.12.2025
26 желтоқсан Полтавка ауылының негізгі мектебінің оқушыларының ата-аналары Атбасар ауданы білім бөлімінің тікелей эфиріне қатысты. Онлайн-кездесу барысында кәмелетке толмағандардың демалыс кезіндегі қауіпсіздігі мен әл-ауқатына жауапты барлық қызметтердің өкілдері сөз сөйледі. Ерекше назар ерте жүктілік, жыныстық қолсұғылмаушылық, құқықбұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің жауапты мінез-құлқын қалыптастыру мәселелеріне аударылды. Ата-аналарға балалардың денсаулығын сақтау және каникул кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған түсіндірулер мен ұсыныстар берілді.
